Алматыда тағы да 2 баллдық жер сілкінісі сезілді

Алматыда тағы да 2 баллдық жер сілкінісі сезілді

Алматыда тағы да 2 баллдық жер сілкінісі сезілді
ашық дереккөзі

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі 5 сәуір күні сағат 21.14-те жер сілкінісін тіркеді деп хабарлады turkystan.kz. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан 74 км қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасты. Энергетикалық санаты – 10,2. MPV магнитудасы - 4.5. Тереңдігі – 5 км. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алма-Арасан шатқалында (Қазақстан) 2 балл қуатымен сезілді. Еске салайық, бүгін таңғы сағат 7:37-де ҚР ТЖМ-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеген болатын. Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 557 км қашықтықта, Қытай аумағында орналасты.