Аузы берік адам тіс жұлдырса оразасы бұзыла ма?

Аузы берік адам тіс жұлдырса оразасы бұзыла ма?

Аузы берік адам тіс жұлдырса оразасы бұзыла ма?
ашық дереккөзі
Мұсылмандардың Діни басқармасы «Тіс жұлдырса ораза бұзыла ма?» деген оразаға қатысты жиі қойылатын сұраққа жауап берді деп хабарлады turkystan.kz. Тіс жұлдырған кезде тамаққа ештеңе өтпесе, ораза бұзылмайды. Бұл туралы ханафи мәзһабына қатысты «Раддул мұхтар» атты кітабында жазылған.
«Тістерінің арасынан қан шығып, тамағына барса, яғни ішке өтпесе, аузы ашылмайды. Бірақ, тамақтан ішке өтсе де, қан түкіріктен басым не бірдей болса немесе қанның дәмін сезсе ораза бұзылады. Егер қан түкіріктен аз болса, ораза бұзылмайды», - делінген кітапта. Демек, ораза ұстаған адамның аузына қанның дәмі бармаса, ішке өтпесе, қан түкіріктен аз болса, ораза бұзылмайды. Егер қан түкіріктен көп болып, ішке өтіп кетсе, ораза бұзылған болып есептеледі. Ондай жағдайда сол күнгі оразасының қазасын өтейді», - делінген ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің жауабында.