Қарағандыда салмағы 6 келіден астам алып бала дүниеге келді

Қарағандыда салмағы 6 келіден астам алып бала дүниеге келді

Қарағандыда салмағы 6 келіден астам алып бала дүниеге келді
ашық дереккөзі
Облыстық клиникалық аурухананың №1 перинаталдық орталығында салмағы 6200 грамм сәби дүниеге келді. Алып бала ата-анасына да, дәрігерлер үшін де тосын сый болды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Әйел перзентханаға толғағы қарқындай түскенде жеткізілген. Дәрігерлер сәбидің салмақты болатынын алдын ала пайымдаған. Себебі, отбасында бұған дейін туған баланың салмағы 4600 грамм болатын. Алайда, жас босанған ананың үшінші сәбиі аға-апаларынан да ірі – 6 200 грамм. «Босану асқынусыз болған жоқ, бірақ бригада шұғыл жұмыс істеді. Нәтижесінде, ана мен бала үшін барлығы сәтті аяқталды, дәрігерлер екеуінің де жағдайын қанағаттанарлық деп бағалайды», - деп мәлімдеді облыстық клиникалық аурухана басшылығы.