Жаңалықтар

Қазақстанда жылу тарифі 25 пайызға көтеріледі

ашық дереккөзі

Қазақстанда жылу тарифі 25 пайызға көтеріледі

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері қаншалықты көтерілуі мүмкін екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz. Энергетика министрі тарифтерді көтеру кезінде жеке тәсіл қолданылатынын атап өтті. «Жылу рентабельсіз екенін ескерсек, тарифтер кем дегенде 25 пайызға көтеріледі деп ойлаймын. Ал максимум Үкімет реттейтін инвестиция көлеміне байланысты. Бірақ өсім бірден болмайды. Электр қуатының бағасы инвестициялардың көлеміне байланысты болады. Не электр энергиясының бағасы өседі, не Екібастұздағы жағдай қайталанады», - деді ол. Алмасадам Сәтқалиев қазір алдағы үш-төрт жылда электр энергиясы тарифін 15 пайызға дейін көтеруді қарастырып жатқандарын атап өтті.