Қызылордада оқушылар төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды

5 сәуір, 2023 / Равиль Ашығали
ашық дереккөзі
Қызылордада оқушылар төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды Қызылорда қаласында мектептердің бірінде оқушылар төбелесіп, олардың біреуі пышақ жарақатын алды деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға 4 сәуірде облыс орталығындағы мектептердің бірінде болған. «Пышақ жарақатын алған оқушы ауруханаға жеткізіліп, оған дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін, ол үйіне қайтарылды. Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті жасөспірім Қызылорда қалалық полиция басқармасына жеткізіліп, ата-анасының қарауына тапсырылды», - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінен.