Қызылордада оқушылар төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды

Қызылордада оқушылар төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды

Қызылордада оқушылар төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды
ашық дереккөзі
Қызылорда қаласында мектептердің бірінде оқушылар төбелесіп, олардың біреуі пышақ жарақатын алды деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға 4 сәуірде облыс орталығындағы мектептердің бірінде болған. «Пышақ жарақатын алған оқушы ауруханаға жеткізіліп, оған дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін, ол үйіне қайтарылды. Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті жасөспірім Қызылорда қалалық полиция басқармасына жеткізіліп, ата-анасының қарауына тапсырылды», - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінен.