Жаңалықтар

Астанада баспасөз хатшыларына арналған тренинг өтті

ашық дереккөзі

Астанада баспасөз хатшыларына арналған тренинг өтті

5 сәуір күні Астанадағы MAQSUT NARIKBAYEV университетінде медиа сарапшы, журналист, қоғаммен байланыс және коммуникация саласының маманы, «Цифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі» кітабының авторы Маргерит Хокси Салливан мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың баспасөз хатшылары үшін тренинг мен уоркшоп өткізді деп хабарлады turkystan.kz.

«Кризистік коммуникация» тақырыбында өткен жиында медиа сарапшы дағдарыс кезіндегі баспасөз хатшылары ескеру керек жағдаяттар мен негізгі ережелерге тоқталды.

Маргерит Хокси Салливанның айтуынша, дағдарыс кезіндегі баспасөз хатшыларының қызметін 3 кезеңге бөлген дұрыс.

Уоркшоп барысында қатысушылар айтылған ақпарат пен ұсыныстарды  іс жүзінде қолданып, кейстарды талдады. Шара бейресми форматта аяқталды, қатысушылар дағдарыс жағдайларын талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, тәжірибе алмасты.

Еске салайық, Маргерит Хокси Салливанның Қазақстанға ресми сапары 3 күнге созылды. Алғашқы күні оның қазақшаға аударылған «Цифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі» (A Responsible Press Office in the Digital Age) кітабының тұсаукесері өтсе, медиа сарапшы қалған екі күн баспасөз хатшылары үшін тренинг өткізді.

Маргерит Хокси Салливан Смитсон институтында дәріс оқыған және  Харвард университетінің Джон Ф. Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің саясат институтында ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеген. АҚШ-тың гуманитарлық ғылымдар жөніндегі ұлттық кеңесінде және ЮНЕСКО-ның коммуникацияны дамыту бағдарламасының гранттар басқармасында қызмет атқарған.