Өз ісіне салғырт қараған дәрігерлер өтемақы төлейтін болады

Өз ісіне салғырт қараған дәрігерлер өтемақы төлейтін болады

Өз ісіне салғырт қараған дәрігерлер өтемақы төлейтін болады
ашық дереккөзі
Елімізде медициналық қызметкерлердің жауапкершілігін кепілдендіру мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығына сілтеме жасап Baq.kz. хабарлады. Ақпарат көзінің хабарлауынша, медициналық қоғамның талқылауына «Қазақстан Республикасындағы медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін міндетті сақтандыруды енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы ұсынылды. Кәсіптік жауапкершілігін міндетті сақтандыру медициналық қызметтің сапасына байланысты арыздардың көбеюіне қатысты ерекше өзектілікке ие болады. Заң жобасының тұжырымдамасында медицина қызметкері тарапынан салғырттық немесе немқұрайлылық қатынас болғанда, азаматтың денсаулығына нұқсан келтірген кезде өтемақы төлеу қарастырылған. Кәсіптік қателік астарында медицина қызметкерінің адам денсаулығына мақсатты түрде зиян келтіру ниеті болмаса жағдай түсінушілік сипатқа ие болады. Бұл әдіс пациент пен медицина қызметкерінің, денсаулық сақтау субъектілері мен жеке тұлға, жеке медициналық тәжірибемен айналысатын маман мен фармацевтикалық қызметтегі мамандардың мүліктік қызығушылығын қорғайды.