«Қар жауады»: 6-8 сәуірге арналған ауа райы болжамы

«Қар жауады»: 6-8 сәуірге арналған ауа райы болжамы

«Қар жауады»: 6-8 сәуірге арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК 6-8 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz. 

Атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: 6-8 сәуірде оңтүстікте, 7-8 сәуірде оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады. 

«7 сәуірде Скандинавия аудандарынан келетін солтүстік-батыс антициклонына байланысты еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы күрт төмендейді. Сондай-ақ жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін», – дейді синоптиктер.

Қазақстан бойынша жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде тұман, шаңды дауыл мен найзағай, солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ болуы ықтимал.