Жаңалықтар

Тоқаев Тасмағамбетовті қабылдады

ашық дереккөзі

Тоқаев Тасмағамбетовті қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың Telegram арнасына сілтеме жасап. Кездесу барысында Иманғали Тасмағамбетов Мемлекет басшысына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Хатшылығының қызметі жөнінде мәлімет берді. Сонымен қатар ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе, сондай-ақ ұйымның осы жылғы жоспары талқыланды.