Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға үндеу жолдады

Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға үндеу жолдады

Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға үндеу жолдады
ашық дереккөзі
Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға Т1 терминалының алдынан өтетін жол кезең-кезеңімен жабылатынын ескертті деп хабарлады turkystan.kz.  Ведомствоның таратқан мәліметінше, былтыр күзде жаңбырдың салдарынан елорда әуежайындағы терминалдың шатырынан су өткен. Осыған байланысты биыл мердігер «Mabco Constructions SA» құрылыс компаниясы өз міндеттемесін орындап, Астана халықаралық әуежайында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Жөндеу жұмыстарына байланысты 1 сәуір мен 1 маусым аралығында Т1 терминалының алдынан өтетін жол кезең-кезеңімен жабылатын болады. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.