Рыбакина айдың үздік ойыншысы атағына ұсынылды

Рыбакина айдың үздік ойыншысы атағына ұсынылды

Рыбакина айдың үздік ойыншысы атағына ұсынылды
ашық дереккөзі
Relevant Tennis Twitter-аккаунты өзінің жазылушыларына наурыз айының қорытындысы бойынша әлемдегі үздік ойыншыны таңдауды ұсынды деп хабарлады turkystan.kz. Үміткерлер тізіміне төрт теннисші енген. Олар: әлемнің 7-ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина, румыниялық Сорана Кырстя (WTA рейтингісінде 41-орын), Беларусь өкілі Арина Соболенко (2-орын), чехиялық Петра Квитова (10-орын) айдың үздік ойыншысы атағынан үміткер. Елена Рыбакина наурыз айында Индиан-Уэллс мастерс турнирінде чемпион атанғаны белгілі. Сондай-ақ 2 сәуірде аяқталған Майами мастерс жарысының финалына дейін жетті. Е.Рыбакина 14-15 сәуірде Астанада Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан – Польша матчына қатысып, ел намысын қорғайды.