Жаңалықтар

5 өңірде ескерту жарияланды

ашық дереккөзі

5 өңірде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері республиканың 5 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады деп хабарлады turkystan.kz. Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай ойнайды. Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Шымкентте таңертең және күндіз найзағай. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с.