Әбиба Әбужақынова IJF әлемдік рейтингінің үздік бестігіне енді

Әбиба Әбужақынова IJF әлемдік рейтингінің үздік бестігіне енді

Әбиба Әбужақынова IJF әлемдік рейтингінің үздік бестігіне енді
ашық дереккөзі
Қазақстан спортшысы Әбиба Әбужақынова дзюдодан үздік бестікке енді деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Анталияда өткен Grand Slam сериясының турнирінен кейін дзюдошылардың рейтингін жаңартты. Мәселен, турнир кезінде қола медаль иеленгені үшін Қазақстан спортшысы Нұрқанат Серікбаевқа 500 ұпай берілді, өз кезегінде бұл оның әлемдік рейтингте 15 орынға дейін көтерілуіне мүмкіндік берді. Сондай-ақ жаңартылған мәліметтерге сәйкес, спортшы қызымыз Абиба Әбужақынова әлемнің үздік бес дзюдошысы қатарына енді. Ал ерлер құрамасы сапынан Мағжан Шамшадин (60 кг) мен Данияр Шамшиев (73 кг) өз салмақ дәрежелерінде 15-орынға тұрақтады.