Алматыда жолаушылар автобусы өртенді

4 сәуір, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Алматыда жолаушылар автобусы өртенді Алматыда өткен түнде «Жетісу» базары аумағында жолаушылар автобусы өртенді деп хабарлады turkystan.kz Видео әлеуметтік желіде тарады. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 сәуірде түнгі сағат 23:10-да Түрксіб ауданы, «Қайрат» шағынауданы, 181/2 мекенжайындағы үйдің маңында 125-інші бағытта қатынайтын «Лиаз-529265» маркалы автобус өртенді. «Өрт сөндірушілердің алғашқы бөлімшелері сағат 23:16-да жетті. Жалынды сөндіруге және автобус конструкциясын салқындату үшін дереу көбігі бар оқпандар берілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің тарауы сағат 23:19-да тоқтатылып, сағат 23:22-де толық ауыздықталды. Оқиға себебі анықталуда», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен. Қалалық ТЖД көлік құралдары тез өртенетінін, небары 2-3 минут ішінде оны толық жойып жіберетінін еске салады. Сол себепті, көлікте өрттің алғашқы белгілері пайда болған кезде жолаушылар есіктерден немесе қосалқы шығатын жерлерден дереу шығып кетуі қажет.