Жанармай бағасының қымбаттауы азық-түлік құнына әсер ете ме? – Министр жауабы

Жанармай бағасының қымбаттауы азық-түлік құнына әсер ете ме? – Министр жауабы

Жанармай бағасының қымбаттауы азық-түлік құнына әсер ете ме? – Министр жауабы
ашық дереккөзі
Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бензин мен дизель отынының қымбаттауы азық-түлік бағасына айтарлықтай әсер етпейтінін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Баға өсімі тауардың түріне қарай әсер етеді. Жеңіл тауар болса аса қымбаттамайды, ірі өнімдерге баға тиісінше өсуі мүмкін. Жанар-жағармай бағасы өскен жағдайда, мысалы, қантқа әсері - 5 пайыз, ал күнбағыс майы - 2,4 пайызға өседі деген болжам бар. Шамамен 15-17 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Тағы бір айта кетерлігі, тауар өндіруші ірі кәсіпорындар қазір бензин, дизельмен жұмыс істемейді. Олар газға көшкен. Ал газдың бағасы әзір өспейді», - деп жауап берді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына.
Сауда және интеграция министрі Қазақстанда азық-түлік бағасының күрт өсуі күтілмейді деп сендірді.
«Биыл күзгі егіс жұмыстарына 413 мың тонна дизель отыны бөлінді. Ол арзандатылған бағамен литрі 204 теңге болады. Бұл баға өзгермейді. Сондықтан жанар-жағармай бағасының өсуі азық-түліктің қымбаттауына аса әсер етпейді. Қазір елімізде баға тұрақты, осы орайда бірден өсіруге негіз көрмей тұрмын. Оның үстіне бізде азық-түлік қоры бар», - дейді ол.