Жаңалықтар

Бірқатар министр өз лауазымына қайта тағайындалды

ашық дереккөзі

Бірқатар министр өз лауазымына қайта тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің бірқатар министрі өз лауазымына қайта тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ажар Ғиният Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды.