Ақтөбеде полиция басшысына қатысты іс қозғалды

4 сәуір, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Ақтөбеде полиция басшысына қатысты іс қозғалды Ақтөбеде полиция басшыларының біріне қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады turkystan.kz. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтөбе облысы ПД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасады деген күдік бойынша Ақтөбе қаласы №3 полиция бөлімі басшыларының біріне қатысты қылмыстық істі соталды тергеп-тексеруді бастаған. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге ақпарат жарияланбайды.
«Полиция қызметкерлері тарапынан құқықбұзушылықтар туралы ақпаратты сенім телефоны арқылы хабарлауға болады- 8/7132/52-16-91. Анонимділікке кепілдік беріледі», - делінген хабарламада.