Нұрберген Жұмағазиев – шорт-тректен қола жүлдегер

Нұрберген Жұмағазиев – шорт-тректен қола жүлдегер

Нұрберген Жұмағазиев – шорт-тректен қола жүлдегер
ашық дереккөзі
Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында шорт-трек жарысында қазақстандық Нұрберген Жұмағазиев қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz. 1500 метр қашықтықта қазақстандық спортшы тек екі оңтүстік кореялық спортшылардан қалып қойды. Осы спорт түрінен әйелдер жарысында қазақстандық Йонг А Ким төртінші орынды қанағат тұтты. Бірінші және екінші орынды оңтүстік кореялық қыздар алса, үшінші орынды жапониялық спортшы қыз алды. Қазақстан құрамасы үшін бұл 23-ші медаль. Қазақстандық құрама жалпы есепте екінші орында келеді. Еске салайық, бүгін 28-ші қысқы Универсиада жарыстары барысында Қазақстан құрамасының биатлоншылары (Галина Вишневская, Дәрия Усанова, Василий Подкорытов және Антон Пантов) күміс медальді жеңіп алды. Бірінші орында Ресей құрамасы (1:14:37,8), екінші орында Қазақстан құрамасы (+30,6), ал үшінші орында украиналықтар (2:32,6) қола медальді қанжығасына басты.