Жаңалықтар

Үш баламен 9-қабаттан секірген: жантүршігерлік оқиға

ашық дереккөзі

Үш баламен 9-қабаттан секірген: жантүршігерлік оқиға

Ташкенттің Сіргелі ауданында әйел мен оның үш баласы тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап қаза болды деп хабарлады turkystan.kz. Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі бұл деректі растады. Қайғылы оқиға 3 сәуірде сағат 19:20 шамасында Сіргелі ауданының 8-кварталындағы №77 үйде болған. «Ведомствоның мәліметінше, 1996 жылы туған әйел Д.А. «қасақана кісі өлтіру мақсатында» өз балаларын – екі ұлы (2018 және 2019 жылдарыы туған) мен қызын (2022 жылы туған) жатын бөлмесінің терезесіне әкеліп, «алдымен ұлдарын бірінен соң бірі лақтырып жіберген, содан кейін қызымен бірге терезеден секіріп, өзіне қол жұмсаған» деп жазды Gazeta.uz. Оқиға салдарынан олардың барлығы қаза тапты. Қазіргі кезде елдің Бас прокуратурасы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.