Димаш жалпы есепте бірінші орында

Димаш жалпы есепте бірінші орында

Димаш жалпы есепте бірінші орында
ашық дереккөзі
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов I am a Singer конкурсының үшінші кезеңінде үшінші орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі. Бұл туралы Instagram желісінде әншінің PR-менеджері Алпамыс Шаримов сүйіншілеп, хабарлады. Ал жалпы есепте әнші бірінші орында келеді. "Сүйінші, Достар! Димаш келесі кезеңге жолдама алды - жалпы есепте 1-орын!", - деп жазды әншінің өкілі. Сонымен, 3-ші байқау күнінің қорытындысы: Майкл Вонг (46 жас. Малайзия) - 2-ші байқау күні бойынша жарыстан тыс қалды. Тиа Рэй (32 жас. Қытай) - 8-орын. Жалпы есеп бойынша байқаудан тыс қалды. Тереза Карпио (61 жас. Канада) - 7-орын. Жалпы есепте 7-орын. Чжао Ли (31 жас. Қытай) ЖАҢА ӘНШІ - 2-орын. Жалпы есепте 6-орын. Чжан Цзе (35 жас. Қытай) ЖАҢА ӘНШІ - 4-орын. Жалпы есепте 5-орын. Сэнди Лэм (51 жас. Гонконг) - 6-орын. Жалпы есепте 4-орын. Тан Цзин (40 жас. Қытай) - 1-орын. Жалпы есепте 2-орын. "Lion" тобы (Тайвань) - 5-орын. Жалпы есепте 3-орын. Димаш Құдайберген (22 жас. Қазақстан) - 3-орын. Жалпы есепте: 1-орын. Сондай-ақ, Шаримовтың айтуынша, келесі аптада 7 әнші өнер көрсетеді. Бір әнші байқаудан тыс қалыпты. Кейінірек әншінің өзі қолдау білдірген тыңдармандарына алғыс айтты. "Аллаға шүкір! Келесі кезеңге жолдама алдым! Тыңдармандарым, қалың көрермен, жанкүйерлерім өнерімнен шабыт алса - мен үшін сол жеңіс!!! Жақсы көрем бәріңізді! Раxмет!", - деп жазды Димаш Құдайбергенов.