Екібастұзда жұмбақ жағдайда жоғалған ер адамның мәйіті табылды

Екібастұзда жұмбақ жағдайда жоғалған ер адамның мәйіті табылды

Екібастұзда жұмбақ жағдайда жоғалған ер адамның мәйіті табылды
ашық дереккөзі
Денис Покотиленконы іздеу жұмыстары жарты жылға созылды деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. «Алты ай бойы Денис Покотиленконы іздеу шаралары жүргізілді. Іздестіруді тоқтата тұрғанның өзінде оның аман-есен табылатындығына үміттенген едік. Өкінішке орай, кеше оның денесі табылғанын білдік», – дейді «Vita» еріктілері. Денис Покотиленко 2022 жылы 13 қазан күні баласын балабақшаға апарғаннан кейін жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Ер адам бұған дейін ешбір себепсіз жұмыстан да қалып көрмеген. Ұшты-күйлі жоқ болып кеткен азаматтың туыстары, еріктілер мен полиция қызметкерлері Екібастұздағы барлық аумақты тексерген болатын, тіпті, кинологтар жұмылдырылды.