Оралда екі автокөлік соқтығысып, үш адам зардап шекті

Оралда екі автокөлік соқтығысып, үш адам зардап шекті

Оралда екі автокөлік соқтығысып, үш адам зардап шекті
ашық дереккөзі
Оралда екі автокөлік соқтығысып, үш адам зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 3 сәуірге қараған түні Әбілқайыр хан даңғылында болды. «Шамамен сағат 00.20-да 33 жастағы жүргізуші «ВАЗ-2114» автокөлігімен С.Тюленин көшесімен қиылыста солға бұрылу кезінде жол ережесін бұзған. Сөйтіп 26 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан Toyota Camry автокөлігіне жол бермей, түйіскен. Соның салдарынан Toyota Camry көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан. БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жамбасы шығып кеткен 23 жастағы қыз облыстық аурухананың жарақат бөлімшесінде жатыр. Жамбасы сынған 26 жастағы жүргізуші де сонда емделуде. 33 жастағы ер адам амбулаторлық ем алуға жіберілді.