Павлодарда мас жүрген ауыл әкімі қызметінен қуылды

Павлодарда мас жүрген ауыл әкімі қызметінен қуылды

Павлодарда мас жүрген ауыл әкімі қызметінен қуылды
ашық дереккөзі

Павлодар облысында жұмыста мас болған ауыл әкімі жұмыстан қуылды. Бұл туралы turkystan.kz Екібастұз қаласының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады. Осы оқиғаға қатысты шешім сәуірдің 3 күні қабылданған.

«Өткен аптада болған әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімі Бауыржан Бозтаев атқарған қызметінен босату түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – дейді баспасөз қызметінде.
Ол шенеунік лауазымында қаңтардан бері жұмыс істеп келген. Екібастұз қаласына қарасты Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімі Бауыржан Бозтаевтың жұмыста мас күйінде болғаны туралы ақпарат ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының сенім телефонына ауыл тұрғынынан түскен. Әдеп жөніндегі уәкіл фактіні тексеруге барған. Медициналық сараптама қорытындысы оның ішіп алғанын көрсеткен және шенеунік өз әрекетін мойындаған. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері шенеунікті қызметінен босатуды ұсынған болатын.