«Жер үйдегі өрт»: 92 жастағы кейуана көз жұмды

«Жер үйдегі өрт»: 92 жастағы кейуана көз жұмды

«Жер үйдегі өрт»: 92 жастағы кейуана көз жұмды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында жер үйде өрт шығып, 91 жастағы кейуана көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай қаласындағы Западная көшесінде орналасқан жер үйде өрт шыққан. Қызыл жалын үй маңындағы шаруашылық қора-жайға да жайылды. «Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Үй ішіне барлау жүргізу барысында жатын бөлмеден 91 жастағы кейуананың денесі табылды. Ал аяқ-қолын күйік шалған 61 жастағы әйелді жедел жәрдем дәрігерлері ауруханаға алып кетті», - делінген ақпаратта. Көп ұзамай жалпы ауданы 100 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өртпен күреске барлығы 3 техника мен жеке құрамнан 10 адам жұмылдырылған. Жалынның нақты неден шыққаны әзірге белгісіз.