Ақтауда 11 тұрғын үй заңсыз салынған

Ақтауда 11 тұрғын үй заңсыз салынған

Ақтауда 11 тұрғын үй заңсыз салынған
ашық дереккөзі
Ақтауда 11 тұрғын үй заңсыз салынған. Барлығы да құрылысы аяқталған нысандар деп хабарлады  turkystan.kz. Тексеру кезінде заңсыз салынған тұрғын үйлерден бөлек, үлескерлердің ақшасын заңсыз алған 25 дерек анықталған. Қазір аталған фактілер бойынша прокуратура кінәлі тұлғаларды анықтап, жауапқа тарту мәселесін қарастырып жатыр.
«Осы фактілер бойынша біздер - уәкілетті органдар құрылыс мекемелеріне қатысты шара қабылдау туралы прокурорлық қадағалау актісін енгіздік. Сонымен қатар қала әкімдігімен кадастрлық құны 400 млн. құрайтын жалпы алаңы 20 гектар 28 жер учаскесін заңсыз берілудің алдын алдық»,- деді Маңғыстау облысы прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының басшысы Мерген Меңдіғалиев.