«2 сәуір сағат 17.20 шамасында «Союз» саяжай қоғамы жанындағы теміржол көпірінің астында, Қ.Сәтбаев атындағы каналдан 2022 жылы 13 қазанда жоғалып кеткен 1988 жылы туған қала тұрғынының денесі табылды. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ.Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша процесстік шешім қабылданатын болады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.Оқиға орнынан смарт-сағат пен жоғалған адамның атына ашылған Kaspi Gold карточкасы табылды. Мәйітті әкесі таныды», - делінген мәліметте.