Жаңалықтар

Арал тұрғынынан 100 келіден аса киік мүйізі тәркіленді

ашық дереккөзі

Арал тұрғынынан 100 келіден аса киік мүйізі тәркіленді

ҰҚК қызметкерлері 100 келіден аса киік мүйізін сатып тұрған Арал ауданының тұрғынын ұстады деп хабарлады turkystan.kz. Қызылордалық киік мүйіздерін сату үстінде ұсталған. «Бұл фактіге қатысты ҚР ҚК 339-бабының 3-тармағы бойынша (жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен аса ірі көлемде залал келтіре отырып заңсыз айналысу,) қылмыстық іс тергелуде. Қылмыстың ұйымдастырушысы қамауға алынды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда», - делінген Комитет хабарламасында.