Жаңалықтар

Қарағандыда салмағы 6 келі сәби дүниеге келді

ашық дереккөзі

Қарағандыда салмағы 6 келі сәби дүниеге келді

Облыстық №1 перинаталдық орталығында салмағы 6 келі 200 грамм сәби дүниеге келді деп хабарлады turkystan.kz ortalyq.kz-ке сілтеме жасап. Дәрігерлер баланың үлкен болатынын білген, өйткені анасының екінші баласының салмағы 4 келі 600 грамм болған. Алайда, үшінші сәбиі алдыңғыларын басып озып, салмағы 6 келі 200 грамм болды. – Дүниеге әкелгенде қиындық болды. Алайда арнайы бригада жедел жұмыс істеді. Қазір дәрігерлер ананың да, сәбидің де жағдайын қанағаттанарлық деп бағалайды,- деп хабарлайды медициналық мекеме.