АҚШ-та McDonald's кеңселері жабылғаны рас па?

АҚШ-та McDonald's кеңселері жабылғаны рас па?

АҚШ-та McDonald's кеңселері жабылғаны рас па?
ашық дереккөзі
McDonald's басшылығы компанияның АҚШ-тағы кеңселерінің уақытша жабылғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы ақпаратты алғашқы болып, The Wall Street Journal басылымы жариялады. Компания ішінде реструктуризация жүріп жатқанын және сәуірдің 3-інен бастап, қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу режиміне уақытша ауысатынын мәлімдеді. Одан бөлек, бірқатар жұмысшылардың қысқартылатынын да тілге тиек етті. Алайда, компания жұмыстан шығарылған қызметкерлердің саны туралы түсініктеме беруден бас тартты. Қазір әлемдегі ең ірі фаст фут желілерінің бірі 200 мың адамды жұмыспен қамтып отыр.