Жаңалықтар

Павлодарда ер адам автобуста оқушыға шабуыл жасаған

ашық дереккөзі

Павлодарда ер адам автобуста оқушыға шабуыл жасаған

Екібастұзда полиция автобуста қызды тұншықтырған ер адамды іздестіріп жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, қаладағы колледжде оқитын 16 жастағы студент адам толы автобусқа кірген. Оның жанында группаластары болған.

Жасөспірімнің айтуынша, жолаушылардың бірі алдымен егде жастағы жолаушыны, кейін оны да қатты итерген.

«Мен оған абайлаңыз деп айтқан едім, ол мені мойнымнан қылқындырып, тұншықтыра бастады. Оны тепкен кезде ғана қолын босатты. Автобустан шығып бара жатқанда мені теуіп жіберді. Ол автобуста мені тұншықтырғанда ешкім көмектеспеді. Барлығы қарап тұрды. Ер адам мүлде сөйлеген жоқ», – деді жәбірленуші.

Сол автобустағы куәгердің айтуынша, қыз бала көмек сұраған. Автобустың алдыңғы есігінен ер адам жүгіріп шығып, қызды ренжіткен адамды ұрып жіберген. Сол кезде автобустың есіктері жабылып, қызды тұншықтырған адам терезелерді ұрған. Бейтаныс адам аялдамада тағы да қызды ұруға тырысқан, бірақ оны бірнеше адам ұстап қалған. 

Қыздың анасы куәгерлер бар екенін және қызының күйзеліске ұшырағанын айтты.

«31 наурызда Екібастұз тұрғынынан полицияға автобуста кәмелетке толмаған қызға дене жарақатын салған белгісіз адамға қатысты шара қолдану туралы өтініш түсті. Бұл өтініш тіркелді», – деді облыстық полиция департаментінің мамандары.

Құқық қорғау органдары ер адамды іздестіріп жатыр. Бұл дерекке іс жүргізу шешімі сот-медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша қабылданады.