Жаңалықтар

Астана арландары «Patriot Boxing Team» командасын жеңді

ашық дереккөзі

Астана арландары «Patriot Boxing Team» командасын жеңді

Қазақстандық «Astana Arlans» командасы WSB маусымы басталған кезде «Patriot Boxing Team» боксшыларын 3:2 есебімен ұтты. Кездесу Мәскеуде өткізілген болатын. 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Теміртас Жүсіпов ауыр айқас кезінде Батор Сагалуевке есе жіберді - 1:2 (48:47, 47:48, 47:48), Ильяс Сүлейменов (56 кг) Артем Хотеновты ұтып есепті теңестірді - 3:0 (49:44, 47:46, 48:45), Ділмұрат Мижитов (64 кг) Радмир Абдурахмановтан жеңілді - 1:2 (48:47, 46:49, 47:48), Әбілхан Аманқұлов (75 кг) Раджаб Раджабовтан басым түсті - 2:1 (48:47, 47:48, 49:46), Антон Пинчук (91 кг) Ильи Квасниковты ойсырата ұтты - 3:0 (49:46, 49:46, 50:45), деп хабарлайды Sports.kz. 18 ақпанда «Astana Arlans» Талдықорғанда «Uzbek Tigers» командасын қабылдайды.