Жаңалықтар

Көктемде бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқитын болды

ашық дереккөзі

Көктемде бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқитын болды

Қызылорда қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігінің білім басқармасына сілтеме жасап. "Құрметті қала тұрғындары, ауа-райының қолайсыздығына байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беру ұйымдарындағы 0-4 сынып оқушылары үшін биығы 3 сәуірде қашықтан оқытылатынын хабарлаймыз! Айта кетейік, қаладағы 56 мектеп пен жеке мектептердің бастауыш сыныптары сабақты қашықтан оқиды. Сақ болыңыздар, қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды сұраймыз!" - делінген хабарламада.