Доллар қайта қымбаттады: 3 сәуірдегі валюта бағамы
Доллар қайта қымбаттады: 3 сәуірдегі валюта бағамы
Ұлттық банк 3 сәуірге арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі деп хабарлады turkystan.kz.
Доллар бағамы 3,44 теңгеге көтеріліп, 451,71 теңге болып бекітілді. Ал Ресей рублінің ресми бағамы 5,86 теңге болды.
Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 451 теңгеден сатып алынып, 455 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 450 теңгеден сатып алынып, 453 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы:
USD / KZT – 451,71 (АҚШ доллары) EUR / KZT – 491,64 (еуро) RUB / KZT – 5,86 (ресейлік рубль) TRY / KZT – 23,55 (түрік лирасы) CNY / KZT – 65,7 (қытай юані) KGS / KZT – 5,17 (қырғыз сомы) UZS / KZT – 3,96 (өзбек сомы).