Зілзаладан құтқарылған сәби екі жарым айдан кейін анасымен қауышты

Зілзаладан құтқарылған сәби екі жарым айдан кейін анасымен қауышты

Зілзаладан құтқарылған сәби екі жарым айдан кейін анасымен қауышты
ашық дереккөзі

Түркияда болған ауқымды жер сілкінісі кезінде үйінді астынан құтқарылған сәби 54 күн өткенде анасымен қауышты деп хабарлады turkystan.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Үш жарым айлық Ветин Бегдаш 6 ақпанда Хатай провинциясында болған зілзаладан 128 сағаттан кейін аман табылған болатын.

Содан кейін ол бірден ауруханаға жеткізіліп, Анкарадағы ауруханаға ауыстырылған.

Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Дерья Янык сәбиді анасы Ясемин Бегдаш емделіп жатқан Адана провинциясына апарып, екеуін кездестірді.

Желіде ана мен сәбидің қауышқан сәтінен өте әсерлі видео тарап кетті.

Айта кетейік, сәбидің әкесі мен екі ағасы жер сілкінісі кезінде қаза тапты.