Жаңалықтар

106 жастағы қалыңдық алғаш рет тұрмысқа шықты

ашық дереккөзі

106 жастағы қалыңдық алғаш рет тұрмысқа шықты

Бразилияда ерекше жұптың некесі қиылды. 106 жастағы Валдемира Родригез де Оливейра есімді бразилиялық зейнеткер өмірінде алғаш рет қалыңдық атанды. Күйеу жігіт қалыңдықтан 40 жас кіші деп хабарлайды 24.kz. 66 жастағы күйеу жігіт те бірінші рет үйленіп отыр. Апаресидо Диаса Джейкоба 106 жастағы Валдемира Родригез де Оливейраға ұсыныс жасаған. Бұған қалыңдық келісімін беріп, «иә» деп жауап берді. Жұбайлар есте қаларлықтай той өткізді. Қалыңдық болса тойға ақ көйлек киіп шыққан.