«Менің балам мінсін»: Жаңаөзенде екі әйел велосипед үшін төбелес шығарды

«Менің балам мінсін»: Жаңаөзенде екі әйел велосипед үшін төбелес шығарды

«Менің балам мінсін»: Жаңаөзенде екі әйел велосипед үшін төбелес шығарды
ашық дереккөзі
Жаңаөзенде екі әйел ойын алаңында төбелесті. Ашуланған екі әйел басқа балалар мен ата-аналардың көз алдында осындай қадамға барған деп хабарлады turkystan.kz massaget.kz-ке сілтеме жасап. Жанжал түсте басталған, бұл кезде алаңда бала көп болған. Екі әйел велосипед бөлісе алмаған: әрқайсысы велосипедке баласы отыруы керек деп ойлаған. Алдымен әйелдер бір-біріне дауыс көтеріп сөйлескен, содан кейін жұдырықтасқан. Әйелдер құмсалғышқа құлағаннан кейін де төбелесті жалғастырған. Оларды сол жерден өтіп бара жатқан ер адамдар ғана ажыратып алған. Желідегі даулы кадрларды көрген полиция оларды іздеген. Бірақ екеуі де бір-біріне ешқандай шағымы жоқ екенін мәлімдеген.
"Полиция екеуін де анықтады, содан кейін азаматтар қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Әйелдердің бір-біріне деген шағымы жоқ, мәлімдеме жазған жоқ. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.