Ертең АҚШ босқындарды қайта қабылдай бастайды
5 ақпан, 2017 /
Анар ЛЕПЕСОВА
Ертең АҚШ босқындарды қайта қабылдай бастайды
АҚШ президенті Дональд Трамптың тыйымы күшіне енген бір аптаның ішінде америкалық билік әлемнің түрлі елінен 843 босқынды қабылдаған. Көші-қонға жауап беретін шенеуніктердің анықтауынша, бұл босқындар – Трамптың жарлығы күшіне енгенше қажетті кедендік шараларды жасап үлгергендер.
Ертең 6 ақпанда босқындарды қабылдау қайта жанданады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, федералдық сот Дональд Трамптың иммигранттық жарлығын уақытша тоқтатқаннан кейін босқын Америкаға кіруге мүмкіндік алды.
– Біз кейбір босқындар дүйсенбі күні келеді деп күтудеміз, – деді АҚШ Мемлекеттік департаменті.