Сенбі, 10 Маусым, 2023

Grand Slam: Түркияда қазақстандық дзюдошы қола жүлде иеленді

Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Анталияда өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, жарыстың бірінші күні Нұрқанат Серікбаев 60 келіге дейінгі салмақта жұбаныш финалында моңғолиялық Арунболд Энхатайванды ұтты.

Ол өз тобынан үздік шығып, жартылай финалға дейін жетті. Жартылай финалда Украина өкілі Дильшод Халматовқа есе жіберді.

Өз тобында Цогиточир Бямбажовты (Моңғолия), әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Ким Вон Джинді (Оңтүстік Корея) және Назир Талибовты (Әзербайжан) жеңді.

Бұл – Нұрқанат Серікбаевтың Grand Slam жарыстарындағы екінші медалі. Ол осыған дейін Ташкентте өткен әлемдік додада күміс жүлдегер атанған еді.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button