Аттан құлаған маңғыстаулық балаға краниопластика операциясы жасалды

Аттан құлаған маңғыстаулық балаға краниопластика операциясы жасалды

Аттан құлаған маңғыстаулық балаға краниопластика операциясы жасалды
ашық дереккөзі
Жаңаөзен қаласындағы көпбейінді ауруханада алғаш рет миына зақым келген 15 жасар балаға краниопластика нейрохирургиялық ота жасалды деп хабарлады turkystan.kz. Науқас Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасына шұғыл түрде миынан зақым алып түскен. Бала аттан құлап, самай сүйегі сынған.
«Науқас қыркүйек айында жылқыдан құлап, жарақат алып, жедел түрде Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасына келіп түсті. Тексеру кезінде, бас миының эпидуралды гематомасы, самай сүйегінің сынуы анықталып, дереу ота жасалды. Алғашқы ота сәтті өтіп, кейін амбулаторлық емге жіберілді. Науқас осы наурыз айында екінші жоспарлы отасына келіп түсті. Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы, амбулаторлық емін қабылдап жатыр», - деді емдеуші дәрігері нейрохирург Мейрамбек Дабысбай.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл күрделі ота өңірде алғаш рет жасалған.