Павлодарлық оқушыны екі бірдей көлік қағып кете жаздады (ВИДЕО)

Павлодарлық оқушыны екі бірдей көлік қағып кете жаздады (ВИДЕО)

Павлодарлық оқушыны екі бірдей көлік қағып кете жаздады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Павлодарда екі көлік қағып кете жаздаған оқушы қыз аман қалды. Жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі видеоға түсіп қалған деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Екі жүргізуші жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған қызды жолдан өткізбеген, оқушы кездейсоқ аман қалды.

«Жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін Hyundai Accent автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі және Volkswagen Touran автокөлігінің 56 жастағы жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - дейді полицейлер.

Әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ жүргізушілермен осындай фактілерге жол бермеу туралы алдын алу әңгімесі жүргізілді.

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жаяу жүргіншілер жолдарының, автобустар мен трамвай аялдамаларының жанында сергек және мұқият болу қажеттігін ескертті.