«Отқа оранған үйге терезеден кірген»: Екібастұз тұрғыны ана мен баланы құтқарды

«Отқа оранған үйге терезеден кірген»: Екібастұз тұрғыны ана мен баланы құтқарды

«Отқа оранған үйге терезеден кірген»: Екібастұз тұрғыны ана мен баланы құтқарды
ашық дереккөзі
29 наурызда сағат 17.51-де 101 пультіне  Лихачев көшесі, 11 мекенжайында орналасқан үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жекеменшік үйде ағаш веранда, жиһаз жанып жатқанын анықтады. Жоғары температураның әсерінен пластикалық терезелер, ас үйдегі тоңазытқыш балқып кеткен.
«Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін сол жерден өтіп бара жатқан 1984 жылы туған Павел Баранов үйдегі адамдарға көмектесуге жүгіреді. Ол монтировкамен терезінің торын ашып,  алдымен баланы, кейін әйелді алып шыққан. Мұндай батыл қадамға барған азамат өзінің бұл әрекетін батырлық деп санамайды. 1987 жылы туған ер адам әйелі мен баласын Екібастұз қалалық ауруханасына  жеткізген. Қазіргі уақытта нәресте жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, әйел реанимацияда жатыр», – деді департаментте.
Тілсіз жау 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттің шығуына электр сымның қысқа түйықталуы себеп болған.