Шымкентте 3 жасар бала көлік моторына арналған сұйықтықты ішіп қойған

Шымкентте 3 жасар бала көлік моторына арналған сұйықтықты ішіп қойған

Шымкентте 3 жасар бала көлік моторына арналған сұйықтықты ішіп қойған
ашық дереккөзі
Шымкентте 3 жасар бүлдіршін мотор сұйықтығын ішіп, ауыр халде ауруханаға түсті. Баланың аузы, өңеші, асқазаны күйіп қалған деп хабарлады turkystan.kz. Otyrar.kz сайтының мәліметінше, анасымен бірге ауруханада жатқан 3 жасар Арман білместіктен тежегішке арналған сұйықтық ішіп қойған. Ол бірден ауырып, ата-анасы жедел жәрдем шақырған. Бала ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер сәбидің ауыз қуысы, өңеші және асқазаны қатты күйіп қалғанын анықтады.
«Менің күйеуім көлік жөндеуші, сондықтан бұл сұйықтық үйде болды. Балам оны абайсызда ішіп қойған», – деді баланың анасы.
Дәрігерлер де балаға қатты токсикалық улану диагнозын қойған. Емдеуден кейін сәбидің жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды.
«Бала бізге екі күн бұрын келді. Қазір бактерияға қарсы препараттар, түрлі жақпа майлар алып, ем алып жатыр», – деді Гипербарикалық оттегімен қамтамасыз ету орталығының токсикологы Марат Кәкенов.
Ал жуырда сірке қышқылын ішкен 5 жасар нәресте ауыр халде гиперборлы оттегімен қамтамасыз ету орталығына түскен. Оның ауызы мен өңеші күйіп қалған. Бірақ қазір ол өз бетімен тамақтанып жатыр, жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігерлер ата-аналардан каустикалық сұйықтықтарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтауды сұрайды.