Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында тарауық намазы оқылды (ВИДЕО)
Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында тарауық намазы оқылды (ВИДЕО)
Оразаның алғашқы аптасында мыңға жуық мұсылман Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында тарауық намазын оқыды деп хабарлады turkystan.kz ztb-ға сілтеме жасап.
Құптан және тарауық намаздарын Құран қарилары Файсал Латиф пен Фарадж Хасан өткізіп жатыр. Дегенмен бұл дәстүр жыл сайын жалғасып келеді. Өткен жылы да АҚШ-та жүзге тарта адам намаз оқыған еді.
Айта кетейік, шетелдерде Рамазан айына айрықша мән беруде. Осыған дейін Лондонда әйгілі көшелердің бірі қасиетті айдың келуіне орай безендеріліп, жарық шамдар орнатылған еді.