Түркияда екі айда 22,5 мың жерасты дүмпуі тіркелген

Түркияда екі айда 22,5 мың жерасты дүмпуі тіркелген

Түркияда екі айда 22,5 мың жерасты дүмпуі тіркелген
ашық дереккөзі
6 ақпанда Түркияның Қахраманмараш қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін 22 500-ге жуық жерасты дүмпуі болды. Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайларды басқару және алдын алу басқармасының (AFAD) басшысы Юнус Сезер айтты деп хабарлады turkystan.kz Aнадолы агенттігіне сілтеме жасап.
«Магнитудасы 7,7 болған бірінші жер сілкінісінің ұзақтығы 65 секунд, ал екінші 7,6 балдық жер сілкінісінің ұзақтығы 45 секундты құрады. Қазіргі уақытта шамамен 22 500 жерасты дүмпулері болды. Бұл көрсеткіш AFAD жыл ішінде тіркеген жер сілкінісінің орташа санына тең. Магнитудасы 5-6 болатын дүмпулер саны – 47. Екі жер сілкінісі салдарынан ұзақтығы 400 шақырымдай жерүсті жарылыстары орын алып, жер қыртысында 7,5 метрге дейінгі ығысулар пайда болды», - деді Сезер.
Оның айтуынша, эпицентрі Қахраманмарашта болған жер сілкінісі салдарынан 56 426 ғимарат қираған, 206 452 ғимарат ауыр, 48 984-і орташа және 516 352-сі жеңіл түрде бұзылған.