Жаңалықтар

Ел тағдыры шешілетін маңызды кезең

ашық дереккөзі

Ел тағдыры шешілетін маңызды кезең

27 наурызда Орталық сайлау ко­мис­сиясы Парламент Мәжілісі де­путаттары­ның кезектен тыс сайлауы­ның қорытын­ды­сын шығарған болатын. 29 наурызда Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірін­ші сессиясын ашты. Конституцияға сәйкес Мәжіліс қайта жасақ­талған соң Үкімет өкілеттігін тоқтатты. 30 нау­­­­рызда Премьер-Ми­нистр лауазымына Әлихан Смайы­­лов қайта та­ғайын­далды. ОСК Сайлау қорытындысын жариялады Бұған дейін сайлаудың алдын-ала нәтижелері ту­ралы жазған болатынбыз. Кандидаттар пар­тия­лық тізім бойынша ғана емес, бірмандатты округ­тер бойынша да сайланды. Орталық сайлау комиссиясы шығарған Пар­ла­мент Мә­­жілісі депутаттарының ке­зек­тен тыс сай­лауының қо­ры­тындысы бойынша, Мәжіліс құра­мы­на алты пар­тиядан, атап айтқанда, «АМАNАТ», «Respublica», «Ақ жол», «Қазақ­стан ха­лық пар­тиясы», «Ауыл» және Жал­пыұлттық социал-де­мок­­ратиялық партиясынан 98 депутат енді. Оның ішінде 29 депутат бірмандатты округтерден сайланды. Сайлауға 7 сая­си партия тіркеліп, алтауы 5 пайыздан жо­ғары дауыс жинады. «AMANAT» партиясы – 53,90 пайыз немесе 3 431 510 дауыс; «Ауыл» ха­лықтық-демократиялық партиясы – 10,90 пайыз немесе 693 938 дауыс; Respublica партиясы – 8,59 пайыз немесе 547 154 дауыс; «Ақ жол» Қазақстан демок­ра­тия­лық партиясы – 8,41 пайыз немесе 535 139 дауыс; «Қазақстан халық партиясы» – 6,8 пайыз немесе 432 920 дауыс; Жалпыұлттық со­циал-демократиялық партиясы – 5,20 пайыз немесе 331 058 дауыс; «Байтақ» жа­сыл­дар партиясы – 2,30 пайыз немесе 146 431 дауыс; «Бәріне қарсымын» бағаны – 3,90 пайыз немесе 248 291 дауыс. Партиялық тізім бойынша 69 орын­ның 40 орнын «АМАNАТ», 8-ін «Ауыл» партиясы алды. Respublica партиясы «Ақ жол» партиясына 6 орныннан тиді. 5 орын­ды ҚХП, 4 орынды ЖСДП иеленді. Партиялар фракциясын құрды Жаңа шақырылымдағы Мәжілістің алғашқы жалпы отырысы депу­тат­­тардың ант қабылдауымен басталды. Олар Конституцияға қол қойып, Қазақстан халқына ант берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша VIII сайланған Мәжіліс Спикері бо­лып «АМАNАТ» партиясының төрағасы Ер­лан Қошанов сайланды. Содан соң депутаттар палатаның қос вице-спикерін таңдады. Спикер Ерлан Қошанов әріптестеріне Альберт Рау мен Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынып, бекітті. Мәжілістегі комитеттердің де төра­ға­­лары тағайындалды. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып Асхат Аймағамбетов сайланды. Заңнама жә­не сот-құқықтық реформа комитетінің тө­­рағасы Снежанна Имашева болды. Қар­жы және бюджет комитетінің төрағасы бо­лып Мәди Такиев, ал экология мәселелері ж­әне табиғат пайдалану комитетінің тө­рағасы болып Еділ Жаңбыршин сайланды. Ха­лықаралық істер, қорғаныс және қауіп­сіздік комитетінің төрағасы ретінде Айгүл Құспан таңдалды. Аграрлық мәселелер ко­митетінің төрағасы болып Серік Егізбаев сай­ланды. Экономикалық реформа және өңір­лік даму комитетінің төрағасы Нұртай Са­бильянов болды. Мәжіліс Регламентіне өзгерістер ен­гізілгеннен кейін палатадағы 6 сая­с­и партия өз фракцияларын құрды. Ел­нұр Бейсенбаев – «АМАNАТ» партиясы­ның, Анас Баққожаев – «Ауыл» партия­сы­ның, Айдарбек Ходжаназаров – «Respublica» партиясының, Азат Перуашев – «Ақ жол» пар­тиясының, Магеррам Магеррамов – Қа­зақстан Халық партиясының, Асхат Ра­хым­жанов – ЖСДП фракциясын басқара­тын болады. Жаңа мәжілістің құрамын сарала­сақ, депутаттар 75 пайыз жаңар­ған. Яғни 25 депутат қайта мандат алып отыр. Олардың арасында партия тізімі ар­қылы қайта тағайындалғандар да, бір-ман­датты округтен сайлауға түсіп, жеңіп шық­қандар да бар. Депутаттар құрамының 18 пайызы – әйел депутаттар. Бұл өткен VII сай­ланымның құрамындағы әйелдер үлесі­мен салыстырғанда 9 пайызға кем.