Астанада алғаш рет педагогтердің халықаралық конференциясы өтті

Астанада алғаш рет педагогтердің халықаралық конференциясы өтті

Астанада алғаш рет педагогтердің халықаралық конференциясы өтті
ашық дереккөзі
Елордада педагогтерге арналған халықаралық ғылыми конференция басталды деп хабарлады turkystan.kz. Оған Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғыз Республикасының өкілдері және Астана қаласының жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты. Конференцияда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» басшысы Сындар Мұратқызы, Қазақ технология және бизнес универститетінің ректоры Сейітқасым Байбеков және шетелден келген қонақтар сөз сөйледі. Іс-шара барысында көрмелер мен сән көрсетілімдері ұйымдастырылды. Сондай-ақ сарапшы мамандар білім беруде болып жатқан реформаларды талқылады. Мұнан кейін халықаралық педагогтердің пленарлық отырысы өтіп, әр елден жиналған делегаттар баяндама жасады. Еске сала кетейік, аталған жиын ертең де жалғасын табады. Басқосуда шетелден келген көркем еңбек және бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімдері шеберлік сағатын өткізіп, тәжірибе алмасады.