«Кеңес бермеймін»: дәрігер кімдерге ораза ұстауға болмайтынын айтты

«Кеңес бермеймін»: дәрігер кімдерге ораза ұстауға болмайтынын айтты

«Кеңес бермеймін»: дәрігер кімдерге ораза ұстауға болмайтынын айтты
ашық дереккөзі
Эндокринолог дәрігер Арман Әлібеков қасиетті айда кімдердің ораза тұтуына болмайтынын айтты. Бұл туралы ол «Оян» бағдарламасында мәлім еткен, деп хабарлады turkystan.kz. «Тағамтануда интервалды ашығу деген бар. Аптасына бір-екі күн осы әдісті қолданатын болса, ағза токсиндерден тазарады, асқазанның жұмыс істеуі қалыпқа түседі. Ал отыз күн бойы аш жүру кейбір адамдарға тыйым салынады. Әсіресе, асқазанынның ойық жарасы, гастриті бар, анемия мен қант диабетіне шалдыққан жандардың ашығуына болмайды. Сондай-ақ енді жетіліп келе жатқан ағзаға да бұл керек емес. Ауыр болады. Дәрігер ретінде, балаларға және созылмалы дерті бар жандарға ораза ұстауға кеңес бермеймін. Негізі адам оразаны ағза толық қалыптасқан соң, яғни, 18 жастан асқан соң ұстаған дұрыс. Дәрігер ретінде осылай кеңес беремін», - деді эндокринолог дәрігер Арман Әлібеков.