Жетісу облысының тұрғындары қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақты тапты

Жетісу облысының тұрғындары қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақты тапты

Жетісу облысының тұрғындары қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақты тапты
ашық дереккөзі
Жетісу облысында қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде дүкендерден ұрланған үш пневматикалық қару сақталған жасырын орын табылды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл факт 29 наурызда Кербұлақ ауданында тіркелді. Ұрланған қаруды жергілікті тұрғындар Қоғалы-Шаған автожолының бойынан тапқан және аудандық полицияға хабарлаған. Көрсетілген жерден 4,5 және 6 мм калибрлі «BSA Ultra», «Action sport games» және «BSA Us» үш пневматикалық винтовка тәркіленді.
«Деректер базасын тексеру кезінде қарудың 2022 жылғы қаңтарда Алматының аңшылық дүкендерінің бірінен ұрланғаны анықталды. Қазіргі уақытта факт бойынша жиналған материал тәркіленген мылтықтармен бірге полиция бөлімшесіне жіберілді», - деді Кербұлақ ауданы ПБ бастығы Ербол Ахметқалиев.
photo
photo