Елордада 209 мыңнан астам кәсіпкерлік субъекті жұмыс істейді – Жеңіс Қасымбек

Елордада 209 мыңнан астам кәсіпкерлік субъекті жұмыс істейді – Жеңіс Қасымбек

Елордада 209 мыңнан астам кәсіпкерлік субъекті жұмыс істейді – Жеңіс Қасымбек
ашық дереккөзі
Бүгін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек кәсіпкерлермен кездесті. Бұл туралы қала әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
ШОБ - тірі әрі өсімтал организм тәрізді, оның тоқтаусыз жұмысы көптеген факторға байланысты. Біздің міндетіміз - көмек көрсету және тиісті жағдай жасау. Елордада 209 мыңнан астам кәсіпкерлік субъекті жұмыс істейді. Қала тұрғындары олардың қызметін күн сайын түрлі салаларда пайдаланады. Бизнес 460 мың адамды жұмыспен қамтып отыр, бұл қаланың экономикалық белсенді тұрғындарының 71%-ын құрайды. Елорданың кәсіпкерлерімен қолайлы жағдай жасау жөнінде кездестім. Кездесу «Ашық микрофон» форматында өтті. Ұлттық палата басшысы Райымбек Баталов, кәсіпкерлер, салалық қауымдастықтардың, мемлекеттік органдардың өкілдері және т.б. қатысты. Кездесу барысында елорданың инженерлік инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік нысандар (жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үйлер, мектептер, медициналық нысандар, балабақшалар және т.б.) салу, интернеттің қолжетімділігі мен сапасы, жер қатынастары саласы, ақылы тұрақ орындары бойынша МЖӘ жобасына өзгерістер енгізу және т.б. мәселелер көтерілді. Мемлекет басшысы VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясын ашу барысында шағын және орта кәсіпкерлік экономика мен еңбек нарығының қозғаушы күші болуы тиіс екенін, сол сияқты «ел ішінде бизнесті дамытуға және оларға шын мәнінде көмектесуге мүмкіндік беру маңызды» деп атап өтті. Біз кәсіпкерлерге жүйелі қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін бірқатар шара қабылдадық: АЭА және индустриялық парк аумағында преференциялар, түрлі бағдарламалар бойынша гранттар мен кредиттер беріледі, «Astana Invest» инвесторларына арналған фронт-офис жұмыс істейді, инженерлік желілерді жүргізуге, қажетті инфрақұрылымды құруға көмек көрсетіледі. Бірақ осының өзі де жеткіліксіз. «Атамекен» Ұлттық палатасымен бірлесіп қосымша қолдау шараларын жасаймыз, оның ішінде бюрократиялық кедергілерді жою ісін де жалғастырамыз. Мұндай кездесулер тұрақты түрде өтетін болады, - деп жазды қала әкімі.